❌ №1. Үлескерлердің қаражатын қолдануға рұқсаты жоқ нысаннан пәтер сатып алу.
Құрылыс нысанында үлескерлердің қаражатын қолдануға рұқсат беретін құжаттардың бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз.
❌ №2. Орналасқан жері мен инфрақұрылымды зерттемеу.
Көпшілік тек пәтерге назар аударып, жақын маңдағы мектептерді, балабақшаларды, жолдарды, автотұрақтарды және дүкендерді тексеруді ұмытып кетеді.
❌ №3. Тек бағаға қарап таңдау.
Ең арзан пәтер әрдайым ең тиімді таңдау бола бермейді. Құрылыс сапасын, пәтердің жоспарын және ауданның дамуын ескеру маңызды.
Instagram